Биылғы жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдердің жалақысы өседі - Мамин

4860
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/izobrazhenie_2021-07-10_115820.png
Өткен жылдың наурызынан бастап алғаш рет биылғы сәуірде Қазақстан экономикасының өсуі  байқалды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ол 2,2% құрады. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Биыл бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру жалғасты. 600 мың мұғалімнің жалақысының өсуі 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкеріне біліктілік деңгейіне байланысты 20-дан 30 пайызға дейін қамтамасыз етілген. 21 мың штат бірлігін қамтып, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға өсті. Асқар Мамин
Оның айтуынша, 82 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі. 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін 1,9 есе. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін 2024 жылға дейін жыл сайын 30%.
"Жалпы, мұғалімдердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге дейін, дәрігерлер 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлер 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметкерлер 267 мың теңгеге дейін өсті", деді үкімет басшысы.
Жалпы 6 ай ішінде елдегі орташа айлық жалақы 233 мың теңгені құрады.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments