Қазақстанда теле және радиохабар тарату тоқтатылады

2716
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/1634c10b-1443-44e8-ad5e-42d4f93ad9a1.jpeg
Елімізде 21 шілдеде телевидение мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператордың сайтындағы мәлімет бойынша, 2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Comments