2021-22 оқу жылы: оқушылар қалай демалады?

4677
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/32f06cff-7bcc-4f37-8903-b1d58d56288b.jpeg
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы мен оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін айқындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын: 1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек; 2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы»,–делінген құжатта.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында); 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

«Адырна» ұлттық порталы

Comments