"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстан аумағында тыйым салынған) Ауғанстанның солтүстігіндегі Фарьяб провинциясында 15 содырды тамақтандырудан бас тартқаны үшін бір әйелді сабап өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 12 шілдеде болған. Бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды. Әйелдің қызы болған жағдайды журналистерге айтып берген. Телеарна қызды Манижа, ал анасын Наджия деп атап көрсеткен. Бірақ бұл есімдер қауіпсіздік мақсатында ойдан шығарылған.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз