Прима-қобызшылар байқауы өтті!

5345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/5ab9069c-555d-4575-87bf-bf8a93c36b5e.jpeg
Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық. Тар жол, тайғақ кешу кезінде ғұмырын бәйгеге тіккен ұлтжанды азаматтар жетерлік. Ал Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Желтоқсан –1986. Тәуелсіздік қырандары» қоғамдық бірлестігінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Қобыз сарыны» атты республикалық 18 жасқа дейінгі прима-қобызшылар байқауы өтті. Республикалық онлайн байқауының 1-ші кезеңінен 12 қатысушы іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен 12 қатысушы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында оффлайн түрде сайысқа түсті. Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар ұлттық және әлем классикасынан бір-бір шығармадан орындаулары тиіс болды. Жеңімпаздар әділқазылар алқасы арқылы анықталды. Бас жүлде – Жанахметова Баян (500 000 теңге) Бірінші орын –Нұратдинова Жанель (300 000) Екінші орын – Станполова Алуа (200 000) Үшінші орын –Бескемпір Аружан (150 000) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының ғажайып сазды, бай тембрлі аспабы. Қазақы сырлы ұлттық аспаптарымызды дәріптеу – ұрпақ парызы! Фото суреттер авторы: Әнуарбек Досмалов

Қуаныш Жұмабекұлы «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы

Comments