Елбасы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша тапсырмалар берді

2484
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/01/photo_44264.jpg
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Ақорда. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты. Мемлекет басшысы  АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. "Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

tengrinews.kz


 
Comments