Бәріміз дін дейміз, намаз оқимыз, жұрт қаптап мешітке барады, ал оның ішіндегі санасы қандай, оны ешкім білмейді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың салтанатты тұсаукесер шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мен бізде қазір толық ағылшын тілінде жұмыс жасайтын университеттер, мектептер бар екенін білемін. Олар бәлкім ағылшын тілінде жарық көрген бұл кітаптарды оқитын шығар. Бірақ, біздегі студенттер мен оқушылар, жалпы қоғам ол оқулықтарды оқып отырған жоқ және ол білімнен шетте қалып қойды. Ал, егер олар шетте қалып қойса, онда біз дамыған 30 елдің қатарына қалай кірмекпіз? Мен біздегі басты діндер, яғни, иудаизм, христиандық, мұсылман діндері туралы кітаптарды парақтаған кезімде түсіндім, егер, біздің молдаларымыз соның барлығын білсе, анау террористерге де, экстремистерге де жауап берер еді. Қайдан шығып келе жатқанын айтар еді. Білмейді ол. Құранды оқытады. Діни қызметкерлер өз миссияларын жоғары деңгейде орындау үшін олар дін тарихын білулері керек, жаратушысы бір, жолдар әртүрлі екенін түсінулері керек», - деді Президент.
________________________________________________________________________Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
"Педагог мәртебесі, жаңа аттестациялау жүйесі". Қоғамда мұғалімдердің қандай мәселелері назарға алынды? - ұстазбен сұхбат