Макроннан кейін. Нью-Йорк полициясы Ердоғанның да жолын бөгеді

3175
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iXOVxzultGJtWjyLK9lMHAh6wpaAWigPyqLbF52m.png

Нью-Йорк полициясы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның делегациясын VIP-кортеждің өтуіне байланысты тоқтатты. Бұл туралы түркиялық БАҚ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Halk TV мәліметінше, жолды АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі өтіп бара жатқанына байланысты жапқан болуы мүмкін.

«БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке бағыт алған Ердоғанның кортежі тоқтатылып, кейін кептеліске түсіп қалды»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон да осындай жағдайға тап болған еді. Офицерлер жолды АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі өтіп бара жатқанына байланысты уақытша жапқан. Бірнеше минут өткеннен кейін полиция көшені ашқан, алайда тек жаяу жүргіншілерге ғана жүруге рұқсат берген. Осыдан соң көлігінен түскен Эммануэль Макрон Франция елшілігіне дейін жаяу баруға шешім қабылдаған.

 

 

 

 

 

Пікірлер