Ұлытау облысында мемлекеттік қызметшілер арасында «Тілдесер» байқауы өтті

734
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fsLQRAXbNSk3h2RIOFykvwXvavnrlnpkVy4AZLbm.jpg

Тілдер мерекесіне орай Ұлытау облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Тілдесер» атты облыстық байқау өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру және мемлекеттік қызметшілер арасында тіл мәдениетін насихаттау болып табылады.

Іс-шараға өңірдің түрлі мемлекеттік мекемелерінен қызметкерлер қатысып, өздерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін, сөйлеу мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Ұлытау облысының Полиция департаментінен байқауға полиция қызметкері Шамхат Саврантаев қатысып, мемлекеттік тілді жетік меңгергенін дәлелдеп, үздік қатысушылардың бірі атанды.

Бүгінде Полиция департаментінде жиырмаға жуық өзге ұлт өкілдері қызмет атқарып, өз еңбектерімен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Олар мемлекеттік тілді құрметтеп, күнделікті қызметінде де кеңінен қолдануда.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, түрлі этнос өкілдері арасында достық пен өзара түсіністікті нығайтуға да үлес қосады.

Пікірлер