Путин Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

745
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/putin-2-1024x645-1.jpeg

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Владимир Путиннің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтау хатын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Онда Ресей президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы табыстарын атап өтті.

«Сіздің еліңіз әлеуметтік-экономикалық дамудың жолымен нық қадам басып келеді және халықаралық аренадағы өз ұстанымын жүйелі түрде нығайтып отыр. Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстар өте жоғары деңгейде. Біздің мемлекеттер түрлі бағыттар бойынша табысты ынтымақтасуда, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясында тиімді өзара әрекет етуде. Ортақ күш-жігерімізбен Мәскеу мен Астана арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды дамытуға қол жеткіземіз деп сенемін», - делінген Путиннің құттықтауында.

Сондай-ақ Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Ресейге мемлекеттік сапарын еске салып, Қазақстан халқына амандық пен өркендеу, ал Президентке денсаулық пен табыс тіледі.

Пікірлер