Беларусь президенті Ресейге жұмыс сапарымен барып, Владимир Путинмен жабық форматта келіссөз өткізді, деп хабарлайды "Адырна".
Кездесу 26 маусым күні Валдайдағы резиденцияда өтті.
Кремльдің мәліметінше, тараптар Одақтық мемлекет аясындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланыстарды, бірлескен жобаларды және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылаған.
Лукашенконың бұл сапары алдын ала жарияланбады. Сонымен қатар Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков келіссөз қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасалмайтынын айтты.
Кездесу Лукашенконың Беларусьтің Украинадағы соғысқа араласпайтыны туралы мәлімдемесінен бір күн өткен соң өтті. Ол Минск әскери іс-қимылдарға қатысуға ниетті емес екенін мәлімдеген болатын.
Ал The Wall Street Journal басылымының жазуынша, соңғы айларда Мәскеу Минскіге Украинадағы соғысқа белсендірек қатысу жөнінде қысым жасаған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Ресейден қару-жарақ сатып алғаны үшін АҚШ-тың санкциясына іліккен Ли Шанфу Қытай Қорғаныс министрі болды
