Павлодарда Қазправда мен Мақатаев көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан ғимарат құлады, деп хабарлайды “Адырна”.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 7 қараша күні сағат 17:04-те түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем және апат медицинасы орталығының бригадалары жіберілді.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің бірі үйінді астында қалған, тағы екі ер адам орташа ауыр жарақат алып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Павлодар облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы ғимараттың құлағанын растады, бірақ нысанның нақты қай мақсаттағы құрылыс болғаны әзірге белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда Жұмысшы мамандықтар жылын қолдау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бастамаларын дамыту мәселелері талқыланды
