C5+1 елдері мәдени мұра саласында мәлімдемеге қол қойды

526
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lYit8GDB31nQVemI49EfkKJ1R6zKYVWSxICajX7I.webp

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ үкіметтері мәлімдемеге қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәдени мұра туралы құжат C5+1 дипломатиялық платформасының құрылғанына он жыл толуына орай қабылданды.

Мәлімдеме тараптардың мәдени мұраны қорғау, сақтау және дамыту бағытындағы ынтымақтастығын тереңдетуді көздейді.

C5+1 елдері әр мемлекеттің бірегей мәдени мұрасын және олардың адамзат өркениетіне қосқан үлесін мойындай отырып, мәдени байланыстарды кеңейтуге, мәдени құндылықтардың заңсыз айналымының алдын алуға және ұлттық мұражайлар арасындағы серіктестікті арттыруға келісті.

Құжатта мәдени мұраны сақтау және қорғау саласында ақпарат алмасуды күшейту мен құндылықтардың заңсыз саудасына жол бермеу үшін өңірлік желілер құру туралы айтылған.

Сондай-ақ, мәдени мұраны туризм және креативті индустриямен ұштастыру, консервация, цифрландыру, реставрация және археология салаларында тәжірибе алмасу да көрсетілген.

Сонымен қатар, тараптар әр елдің бай мәдени мұрасын дәріптейтін фестивальдер мен мәдени іс-шараларды бірлесе өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Пікірлер