Рим папасы XIV Лев Палестина мемлекетін құруға шақырды. Бұл туралы ол 30 қарашада Түркиядан Ливанға ұшып бара жатқан кезде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Рим папасының пікірінше, бұл – ұзақ жылға созылған Палестина-Израиль қақтығысының жалғыз шешімі.
«Бәріміз білеміз, қазіргі уақытта Израиль бұл шешімді қабылдай қойған жоқ. Десе, де біз оны жалғыз дұрыс жол деп санаймыз. Біз Израильмен де достық қарым-қатынастамыз және екі тарапты әділ шешімге жақындастыруға көмектесетін делдал болуға талпынып келеміз»,- деді ол.
Еске салайық, 27 қарашада Рим папасы XIV Лев діни қызметтегі алғашқы сапарын Түркиядан бастаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Рим Папасын келеке қылғандарды көріп, өркениетті елдердің қатарына жақын күндері кірмейтінімізге көзім жетті - Айгүл Орынбек
