Алматы облысында кішкентай бала экскаваторды тізгіндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жол бойында ор қазған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиғаның бейнесі желіде тарады.
Ересектер кішкентай жүргізушіні тоқтатып, арнайы техникадан түсірді.
Алайда желіде тараған бейнеде баланың тротуар бойын терең орға айналдырып үлгергенін байқауға болады.
Қауіпсіздігі жоғары талап етілетін, тіпті ересектер үшін де басқаруы күрделі ауыр техниканың бала қолына қалай түскені әзірге белгісіз. Қазір бұл жайтты полиция тергеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мүгедектікке шығудың құны қанша? Пара бермесең, балаңды комиссия «сау» деп тауып, жәрдемақыдан айырады...