Марқұм Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта ашылды

298
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QHWJN2Lkip1CILNg4MY1TqvWF25C7jupShEqAxfk.webp

Бүгін, 25 желтоқсан күні Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті - шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы. Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады. Аудиториялардың біріне оның есімі беріледі. Бұл тек Құрмет белгісі ретінде ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің болашақ ұрпақтары үшін эталон ретінде де маңызды — адамдарға және таңдалған мамандыққа қызмет етудің мысалы»,-деді ол.

Министр колледжді үздік бітіргеннен кейін Ұлдананың төрт жыл бойы елордалық жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істегенін атап өтті.

«Осы уақыт ішінде ол әріптестерінің шынайы құрметіне және пациенттердің ризашылығына ие болды. Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны, төтенше жағдайда көрсеткен батырлығы мен қайсарлығы үшін Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын естеріңізге сала кеткім келеді»,-деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қарашада алған ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болған еді.

Пікірлер