Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымына қатысты статистикалық айырмашылықтар бірнеше жыл бойы сақталып келеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы LS-ке сілтеп
2025 жылы бұл айырма бұрынғыдан да артқан.
Статистикаға сәйкес, 2021 жылы екі елдің сауда көрсеткіштері арасындағы айырма шамамен 40% болса, 2025 жылы ол 43%-ға жетті.
Қытай кеденінің мәліметтері бойынша 2025 жылы Қазақстанмен сауда айналымы $48,7 млрд болды, ал ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті – $34,1 млрд деген дерек ұсынады. Айырмашылық $14,6 млрд құрайды.
Қазақстанның Қытайдан импортында ең ірі айырмашылықтар байқалады.
2025 жылы Қытай деректері бойынша импорт $29,7 млрд болса, Қазақстан кеденінде бұл көрсеткіш $18,9 млрд деп тіркелген. Бұл шамамен 57% айырма, ал абсолюттік мәні – $10,8 млрд.
Қазақстанның Қытайға экспортында айырмашылықтар салыстырмалы түрде аз. 2025 жылы Қытай кеденінің дерегі бойынша Қазақстаннан импортталған тауарлар $19 млрд болса, Қазақстанның есебі бойынша – $15,2 млрд. Айырмашылық 25%, немесе $3,8 млрд құрады.
Мамандар сауда деректеріндегі айырмашылықтардың негізгі себебі ретінде әр елдің кеден статистикасының есептеу әдістемесінің әртүрлілігін атап көрсетеді. Импортқа қатысты айырма экспортқа қарағанда едәуір жоғары.
Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар дамудың жаңа деңгейіне көтерілді
