Қазақстанның СІМ орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға дайын екендерін растады.
Негізгі назар сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға аударылды. Сондай-ақ екі ел арасында барлық деңгейде тұрақты саяси диалогты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу кезінде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қарастырылды. Соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір алмасу болғаны айтылды.
Айта кетейік, осы жылдың 5 наурызында Иран елшісімен СІМ орынбасары Әлібек Бақаев кездескен еді. Қазақстанның СІМ өкілі Али Акбар Джоукарды қабылдап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.
