Иран зымыран арсеналының 70 пайызын сақтап қалған – БАҚ

266
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0IyORh5WFG1d2A423uwjBWWQSwUDZsyuMBlA1JsS.jpg

АҚШ билігінің Иранның әскери тұрғыдан жеңілді деген ресми мәлімдемелері америкалық барлау қызметінің деректерімен сәйкес келмейді. Барлау мәліметтеріне сүйенсек, Ислам Республикасы ел аумағындағы мобильді ұшыру қондырғыларының шамамен 70%-ына әлі де иелік етіп отыр және соғысқа дейінгі зымыран арсеналының шамамен 70%-ын сақтап қалған. Бұл туралы The New York Times  жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аталған арсеналға өңірдегі басқа елдерге соққы бере алатын баллистикалық зымырандар да, сондай-ақ қысқа қашықтықтағы жерүсті және теңіз нысандарына қолданылатын аздаған қанатты зымырандар да кіреді.

«Ең алаңдататын жайттардың бірі — Иранның Ормұз бұғазы бойына орналастырылған 33 зымыран кешенінің 30-ын қайтадан жауынгерлік дайындыққа келтіргені туралы деректер. Бұл АҚШ әскери кемелері мен мұнай танкерлері үшін қауіп төндіруі мүмкін»,- делінген хабарламапада

Әскери барлау мәліметтерінде Иранның ел аумағындағы жер асты зымыран қоймалары мен ұшыру қондырғыларының шамамен 90%-ына қайта қол жеткізгені айтылған. Қазіргі бағалау бойынша олар ішінара немесе толық жауынгерлік дайын күйде тұр.

Осыған ұқсас деректерді өткен аптада The Washington Post басылымы да келтіріп, Иранның мобильді ұшыру қондырғыларының шамамен 75%-ын және соғысқа дейінгі зымыран арсеналының 70%-ын қалпына келтіргенін хабарлаған.

Айта кетейік, бұл деректер АҚШ президенті Дональд Трамп пен  Қорғаныс министрі Пит ХегсетИранның әскери әлеуеті «жойылды» немесе «енді қауіп төндірмейді» деген мәлімдемелеріне қайшы келеді.

Пікірлер