Украина сыртқы істер министрі Ресейді келіссөз үстеліне отыруға шақырды

537
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2vrPrFjewO755wphSvPOlY2w8UMvjKKIma93Zo2v.webp

Ресейге Украина ұсынған келіссөздер бастамасына жауап беретін уақыт келді. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ресейліктер «Анкоридж рухы» туралы айтқанды жақсы көреді. Ал оның нақты не екенін ешкім білмейді. Десе де,  ресейліктер оған сенеді және өзгелер де сенуі тиіс деп есептейді. Шындық бір нәрсені анық көрсетіп отыр: егер «Анкоридж рухы» бір кездері болған болса, қазір ол мүлде жоқ», – деді Украина СІМ басшысы.

Сибиганың айтуынша, Мәскеу елестерге сенуді доғарып, оның орнына Украинаның келіссөз үстеліне отырып, соғысты тоқтату жөніндегі нақты ұсыныстарына жауап беруі керек.

«Владимир Путин шындықты мойындаудан қаншалықты ұзақ бас тартса, яғни ұрыс алаңында өз мақсаттарына ешқашан жете алмайтынын түсінгісі келмесе, Ресей үшін жағдай соншалықты қиындай береді», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мәскеу Вашингтонды Ресей мен Украина арасындағы соғыс бойынша келіссөздерде «бейтарап делдал болудан қалды» деп сынап, Анкоридждегі уағдаластықтарды еске салған болатын. Кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио былтыр өткен Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы саммитте Украинаға қатысты ешқандай келісім жасалмағанын мәлімдеді.

БАҚ мәліметінше, өткен аптада өткен G7 саммитінде Трамп «Анкоридж түсінігінен» бас тартуы мүмкін екенін аңғартқан. Сондай-ақ АҚШ президенті Украина басшысы соғысты жүргізуде «жаман нәтиже көрсетіп отырған жоқ» деген пікір білдірген. Сарапшылар мұны оның екінші президенттік мерзіміндегі риторикасының елеулі өзгерісі ретінде бағалап отыр.

Пікірлер