Қытайда 6 генерал партия мен парламент қатарынан шығарылды

389
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/X2L74GtnsQafBWtgrWPfPBbOzTD4UuapwuaB7Cg7.jpg

Қытайда Халық-азаттық армиясының алты генералы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы мен Қытай Коммунистік партиясының қатарынан шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Анадолу» басылымына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім әскери қызметкерлерге қатысты басталған сыбайлас жемқорлық істері бойынша тергеулермен байланысты болуы мүмкін.

Партия қатарынан шығарылғандардың арасында қару-жарақты дамыту басқармасының басшысы Шу Сюэсян, саяси комиссарлар Го Пусяо, Ли Финбяо және Инь Хунсин бар. Сондай-ақ Біріккен материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштерінің қолбасшысы Ван Канпин мен Киберкеңістік күштерінің қолбасшысы Цан Минхуа да тізімге енген.

Бұдан бөлек, парламент құрамынан Қытай Коммунистік партиясы Саяси бюросының бұрынғы мүшесі Ма Синжуй және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы партия комитетінің бұрынғы хатшысы Го Юнхан сияқты жоғары лауазымды партия қайраткерлері шығарылған.

Еске салайық, соңғы үш жылда Қытайда жоғары шенді әскери қызметкерлер мен партия шенеуніктерін армия мен партия қатарынан шығару, сондай-ақ оларды парламенттегі қызметтерінен шеттету үрдісі байқалып келеді.

Бұған дейін Қытайдың бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша сотталған болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, өлім жазасына кескен, алайда үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған.

Пікірлер