Қытайдағы химиялық зауытта қуатты жарылыс болды

1861
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/c9be6ddd-e329-40b7-895c-f96a6180f344-960x500.jpeg?token=f83c6156f09af0e44d061c82ff041c5d

Бүгін, 27 мамыр күні Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан химиялық зауытта күшті жарылыс болды. Қазіргі таңда адам шығыны туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Associated Press жариялады, деп хабарлайды “Адырна.

Жарылыс түске дейінгі уақытта Shandong Youdao Chemical зауытының бір цехында болған. Оқиғадан кейін төтенше жағдай қызметтері құтқару жұмыстарын бастап кетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың дүмпуі сезілген.

Жарылыстың себебі әзірге нақтыланбаған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда аспанға көтерілген қалың түтін мен көрші үйлердің терезелерінің сынғаны байқалады.

Оқиға орнына 55 техника мен 232 өрт сөндіру-құтқару қызметкері жұмылдырылған. Сонымен қатар, Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы комиссия мен қосымша бөлімшелерді көмекке жібергені ресми хабарламада айтылған.

Оқиға орнынан шамамен 3,5 шақырым қашықтықтағы қонақүй қызметкері жарылысты түске таяу естігенін айтқан.

Пікірлер