БАҚ: Назарбаев тағы бір мәртебесінен айырылуы мүмкін

2365
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-18_115407478-960x500.png?token=c4bc77b075dbdbd228e087b1d10e84d2
Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір лауазымынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КазТаг агенттігіне сілтеп.  Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқару жөніндегі кеңестің тарауы мүмкін. Үкімет қаулысының жобасында: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "АҚ Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Жарғысында: 7-1 – тарау ("қорды басқару жөніндегі кеңес"- ҚазТАГ) алып тасталсын", - делінген. 49-1-тармаққа өзгертулер енгізілуі мүмкін: "49-1. Осы Жарғының 49-тармағының 6) (Тәуелсіз директорларды сайлауға қатысты) және 6-1) тармақшалары бойынша шешімдерді Қордың жалғыз акционері қабылдайды". 49-1-тармақта аталған шешімдер қорды басқару жөніндегі кеңеспен келісуге міндетті екені айтылған. "57-тармақта ("Қордың Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады:" – ҚазТАГ) 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "28) Қордың Директорлар Кеңесінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу", - делінген түзетулер жобасында. Қазір 28-тармақшада: "қорды басқару жөніндегі Кеңеске ақпарат жібере отырып, Қордың Директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу",-делінген. Еске сала кетейік, осыған дейін экс-Президент акцияларынан, кітапханасынан, "Құрметті сенатор" сынды бірнеше атағынан айырылған болатын.  
Комментарии
Другие материалы