Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір лауазымынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі КазТаг агенттігіне сілтеп.
Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқару жөніндегі кеңестің тарауы мүмкін. Үкімет қаулысының жобасында:
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ "АҚ Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Жарғысында: 7-1 – тарау ("қорды басқару жөніндегі кеңес"- ҚазТАГ) алып тасталсын", - делінген.
49-1-тармаққа өзгертулер енгізілуі мүмкін: "49-1. Осы Жарғының 49-тармағының 6) (Тәуелсіз директорларды сайлауға қатысты) және 6-1) тармақшалары бойынша шешімдерді Қордың жалғыз акционері қабылдайды".
49-1-тармақта аталған шешімдер қорды басқару жөніндегі кеңеспен келісуге міндетті екені айтылған.
"57-тармақта ("Қордың Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады:" – ҚазТАГ) 28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "28) Қордың Директорлар Кеңесінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу", - делінген түзетулер жобасында.
Қазір 28-тармақшада: "қорды басқару жөніндегі Кеңеске ақпарат жібере отырып, Қордың Директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу",-делінген.
Еске сала кетейік, осыған дейін экс-Президент акцияларынан, кітапханасынан, "Құрметті сенатор" сынды бірнеше атағынан айырылған болатын.
Новости по теме
114 выпускников первого потока социального проекта «Табысты отбасы»получили сертификаты об окончании обучения
На данный момент все проектные работы успешно завершены, и получены необходимые согласования от исполнительных органов и заинтересованных организаций
