Жошы ханға апаратын жолға 5.7 млрд жұмсалмақ па?

4805
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/dab06daf7807c940e763272c654169be.jpg
Жошы хан кесенесі мен Домбауылға апаратын жол құрылысына шамамен 5,7 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
«Тапсырыс беруші – «Қарағанды ​​облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - автомобиль жолдарын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттама – "Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан кесенесі, Домбауыл" автомобиль жолын салу, жоспарланған сома – 5 688 998 668 теңге», - делінген Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау қаңтардың 4-і мен 21-і аралығында жүргізіледі.
"Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан кесенесі, Домбауыл" автомобиль жолын салудың негізгі мақсаты - Жошыхан және Домбауыл кесенелер маңын абаттандыруды қамтамасыз ету болып табылады", - делінген техникалық сипаттамада.
Жошы хан кесенесі Жезқазған қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Жошы - Моңғол империясының батысындағы жерлерді мұра еткен Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін қалаушы. Домбауыл кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында орналасқан. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер