Саны 1000 жетпейтін халықты ұлт деп атау дұрыс па?

4342
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/05/Mamyiro.jpg
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.
Қазақстанда халық саны 2018 жылдың 1 наурызындағы есеп бойынша 18 миллион 195 мың 878  мың адамға жетті. Сондай-ақ елімізде 150-ден аса түрлі өзге ұлт бар. Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам (жалпы халық санының 57,4%-і), ауыл халқының саны 7706,7 мың адам (42,6%) болған. ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі – қазақтармен тату-тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде Кейбір деректерге қарағанда, әлемде  256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 150-ден астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, біздің елде ұлт ретінде аталып жүрген аз санды диаспоралардың санын оқырман назарына ұсынамыз. Еліміздегі адам саны мыңға жетпейтін ұлттар: Арабтар - 953 Ауғандықтар-  821 Коми-пермяктар - 761 Чехтар - 754 Моңғолдар - 752 Қалмақтар - 738 Құмықтар -  734 Твалар - 635 Гагауздар- 620 Адыгайлар - 604 Румындар - 597 Лактар 574 Буряттар - 537 Ағылшындар - 515 Венгрлар - 485 Алтайлықтар - 476 Финндер -  454 Ноғайлар - 438 Американдықтар - 436 Сахалар(якуттер) -  415 Италияндықтар - 404 Чувандар - 388 Карелдер - 365 Хакастар - 362 Табасарандар - 345 Удиндер - 342 Асираилдіктер - 338 Комилер - 288 Абхаздар - 214 Шорлар - 210 Черкестер - 176 Ненецтер - 176 Абазиндер - 149 Агулдар - 137 Еліміздегі адам саны 100-ге жетпейтін ұлттар:  Кабардиндер - 98 Халха-моңғолдар - 96 Кубалықтар - 95 Рутулъдер - 93 Долгандар - 83 Коряктар - 76 Въетнамдықтар - 67 Татар - 66 Хорваттар - 63 Сербтер - 61 Австриялықтар - 60 Словактар - 58 Испандар - 57 Албандықтар - 55 Француздар - 51 Евразиялық еврейлер - 50 Удегейлер - 49 Жапондар - 46 Голландықтар  - 45 Вепстер - 43 Эванкілер - 38 Белуджилер - 37 Грузиндіктер - 35 Эвендер - 34 Таулық еврейлер - 33 Хантылар - 31 Қырымшақтар  - 31 Тофалар - 30 Қарайымдар - 29 Мансылар - 24 Цехурлар  - 23 Чукчалар -  22 Нанайлықтар - 22 Ижорлар - 17 Алеуттер - 14 Нивхилер - 10 Ителмендер - 10 Энецтер - 9 Кеттер - 9 Юкагилер - 8 Орогтар  - 8 Даттықтар - 7 Селъкуптар - 4 Уличтер - 4 Нагидалықтар - 4 Саамдар - 3 Үльттар - 2 Наганасандар - 2 Эскимостар - 2 ____________________________________________________________________________________________________

Abai.kz

Пікірлер