Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары туралы Жарлыққа қол қойды

2044
Adyrna.kz Telegram
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды.  Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімге қатысты болады.

Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруі тиіс.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Адырна” ұлттық порталы.

Пікірлер