Түркістан облысы Төлеби ауданы Ханарык ауылы тұрғынының қазақтарға тіл тигізген видеосы әлеуметтік желілерге тарап, көптің ашуын туғызған. Бүгін сол азамат үшін бүкіл ауыл ақсақалдары кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Құрметті қазақстандықтар, бір туған отандас бауырлар! Вацаптан таралған видеодан бәріңіз хабардар екендеріңізді білеміз. Отандастарымыз, бауырластарымыз, билік басындағылар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бір ғана жерлесіміздің істеген қателігі үшін бүкіл ауыл болып, ауыл ақсақалдары мен ауыл жастары болып, басымызды иіп тұрып, кешірім сұраймыз!”,- дейді бейнежазбада ауыл тұрғындары.
Сондай-ақ, олар еліміздің тыныштығы үшін Қазақстан халқын сабырлыққа шақырды.
Бейнежазбаны Telegram арнамыздан қарай аласыз.“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақ қыздарын Лободаның артына, Леслидің аяғына жығып бердіңдер!" - Алматыдағы концерт сынға ілікті (ВИДЕО)
Ауғанстаннан келетіндерді мұқият тексеріп, қазаққа қатысы барын ғана елге әкелеміз - Мағауия САРБАСОВ