Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылмақ

2785
Adyrna.kz Telegram
Фото: orient.tm
Фото: orient.tm

Түрікменстанда экс-президенттің жылқысына ескерткіш қойылады. Бұл туралы  Turkmenportal. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Түрікменстанның жаңадан сайланған басшысы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадтағы Ақалтеке ат кешенінің алдына Ақханның (экс-президенттің жылқысы) мүсінін орнату туралы қаулыға қол қойды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады, нысан желтоқсан айында тапсырылуы тиіс.

Ақхан - Гурбангулы Бердімұхамедовтың өзі баптаған ат. 2018 жылы бұл ат Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта итіне ескерткіш орнатқан.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер