Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэгтің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі 2025 жылғы 26-27 маусым аралығында Моңғолияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды "Адырна".
Сапар барысында Моңғолия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері ресми келіссөздер жүргізіп, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы "Стратегиялық әріптестікті" кеңейту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасады.
Бұл – Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі алғашқы және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі деңгейіндегі соңғы 19 жыл ішіндегі алғашқы ресми сапар болмақ.
Моңғолия мен Қазақстан дипломатиялық қатынастарды 1992 жылғы 11 қаңтарда орнатқан.