Бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікке ілінді

5327
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/30YV1aIbTmKicXfYyC193LM2ib90nOY7p0sM25OH.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу департаменті басшысының экс-орынбасары, бұрынғы арнайы прокурор Олеся Кексель  азаптау ісі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2025 жылғы 4 шілдеде Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігінің 1-ші және 2-тармақтарына сәйкес («Азаптау») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Кексель О.И.-ні күдікті деп таныды»,—деп түсіндірді құзырлы орган.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Олеся Кексель экс-премьер Серік Ахметов пен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы істерді тергеген болатын. Ол 2019 жылы да азаптау ісі бойынша күдікті ретінде танылған. Кәсіпкердің шағымы негізінде Кексель мен Бас прокуратураның тергеу тобына кірген Бауыржан Ғаббасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Өтініш беруші бұл тұлғалар тергеу барысында заңсыз тәсілдер қолданды деп мәлімдеген. Бастапқыда Бас прокуратура, кейін сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Кексельге байланысты іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқталғанын айтқан еді.

Пікірлер