Израиль Сирияға әуеден соққы жасады

1156
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dzf2YTF4bniBTF2qxhIa2yfy3YtdfoYsHESXNnsW.jpg

Израиль қорғаныс күштері Дамаск қаласының орталығында орналасқан Сирия қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері орналасқан ғимаратқа әуеден соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы халықаралық агенттіктер мен Сирия тарапы мәлімдеді.

«Израиль қорғаныс күштері Дамаск аймағындағы Сирия режимінің әскери штабына соққы жасады», — делінген Сирия үкіметінің ресми мәлімдемесінде.

Сирия денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде 18 адам жараланған.

Шабуылдан кейін Израиль үш мәрте әуе соққысын жасаған. Жарылыстар Дамаск қаласындағы Омейяд алаңында болғаны анықталды. Бұл аумақ ел астанасының маңызды әкімшілік және қауіпсіздік мекемелері орналасқан бөлігі болып саналады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шабуыл себептері мен салдарына қатысты Израиль тарапы ресми түсініктеме берген жоқ.

Пікірлер