Путин генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады

962
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8grmyzN2Bu3CWGAmEq1scznS3c0xFVtl58djotiK.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің директоры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады, деп хабарлайды “Адырна”.

Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 284-рп "Марапаттау туралы" өкімінің толық нұсқасы "Құқықтық актілердің ресми жарияланымы" сайтында жарияланды.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі үшін Байқадамова Алуа Бақытжанқызына Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасы табысталсын", - делінген құжатта.

Пікірлер