20 шілде күні Иран Израильмен болған соғыстан кейін алғаш рет жаңа зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, «Qased» атты спутниктік тасығыш суборбиталық ұшу арқылы ғарыш саласындағы жаңа технологияларды сынады.
Сынақ Иранның ғарыш өнеркәсібі әзірлеп жатқан бірқатар техникалық шешімдерді бағалау мақсатында жүргізілген.
Иран билігі бұл сынақтың нәтижелері елдің спутниктік жүйелері мен жалпы ғарыштық мүмкіндіктерін жетілдіру үшін қолданылатынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар