Тәулік бойы ішімдік сатуға шектеу қойылмақ

1732
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7SvXY0TKcu0654TuWYmF7c5M9KOlS0sZcX9cn1sd.webp

Ішкі істер министрлігі елдегі алкоголь өнімдерінің айналымына бақылауды күшейтуді ұсынды. Бұл мәселе Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көтерілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министр Ержан Сәденовтің айтуынша, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қатысты 107 мың құқықбұзушылық анықталып, 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынған.

– Қоғамда ішімдікке төзбеушілікті қалыптастыру үшін жұртшылық тартылуда. Бүгінде 402 елді мекен алкогольден бас тартты, – деді министр.

Полиция биыл алкоголь айналымына қатысты 7 мыңға жуық заңбұзушылықтың жолын кескен. Кәсіпкерлерге 370 миллион теңге көлемінде айыппұл салынып, 2 252 нысан лицензиясынан айырылған.

Министрлік кейбір кәсіпкердің лицензияны басқа тұлғаларға рәсімдеу немесе барлардың атын жамылу арқылы тәулік бойы алкоголь сатуды жалғастырып жатқандарынь мәлімдеді. Осыған байланысты  ІІМ лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту, алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақытында шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Пікірлер