Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру көзделген. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Егер тиісті ұсыныстар түссе, біз оларды қарастыруға дайынбыз", – деді ведомство өкілдері.
Агенттік станцияның нақты атауы мен ұсыныстарды қабылдау тәртібі туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар