"Қазақ тілінде жауап беруді талап еткен". FlyArystan-да жолаушы мен қызметкер арасында дау шықты

1919
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w3raS5qaVqxlemKbu8uXu0EkVezU0TUxIDImfWoh.webp

Түркістаннан Алматыға ұшатын әуе рейсіне отырғызу кезінде жолаушы мен әуежай қызметкерінің арасында дау туындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Arasha.kz-ке сілтеп.

Оқиға 17 тамызда Түркістан әуежайында FS7162 рейсіне отырғызу барысында тіркелді. FlyArystan әуе компаниясының ресми мәліметінше, жолаушы сөзге келу кезінде қызметкерді итеріп жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, жанжалға байланысты арнайы қызметтер шақырылып, рейс шамамен үш сағатқа кешікті. Жолаушы қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс екенін айтып, талабынан қайтпаған. 

FlyArystan өкілдері жолаушылардан бейнежазбаны өшіруді сұраған. Бұл көпшілік тарапынан теріс реакция тудырды. Компания кейіннен түсініктеме беріп, видеоның контекстен үзіп алынғанын, ал бейнематериалды өшіруді сұрау жанжалды бәсеңдету үшін жасалғанын мәлімдеді.

«Тиісті қызметтер шақырылды. FlyArystan жерүсті қызметінің өкілі жағдайға отырғызу аяқталар сәтте араласты. Ол жолаушыға мінез-құлық ережелерін түсіндіруге тырысты. Таратылған бейнежазба толық жағдайды қамтымайды», – делінген хабарламада.

Жолаушылардың сөзінше, дау тек тіл мәселесінен ғана емес, рейстің кешігуіне байланысты туындаған. Кейін компания қызметкері жолаушылардан кешірім сұрап, ұшақ Алматыға ұшқан.

Пікірлер