Алматыға трамвай қайта оралмақ

812
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nd5yQw1Te1Y9NGLWNNllLJBzCLA3ShPt7DKDFbeQ.webp

фото: yk-news.kz

Алматыда трамвай қозғалысын қайта жандандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы бас жоспар ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуов халықаралық сәулетшілер форумында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, жаңа жоба "Барлық" базарынан басталып, Төле би көшесінің бойымен бұрынғы дәліз арқылы қайта жүргізіледі. Бұдан бөлек, трамвай желісі әуежайға дейін созылып, қаланың шығысы мен батысын байланыстыратын көлік дәлізіне айналмақ. Мамандардың есебінше, бұл жүйе тұрғындарға небәрі 20 минутта діттеген жеріне жетуге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, жоспарланған трамвайлар заманауи аккумуляторлармен жабдықталып, электр автобустарындағыдай қосымша жүріс қорына ие болады.

"Күн сайын Алматыға жарты миллионнан астам адам келеді. Олар қаламыздың орталығында жұмыс істейді, білім алады, түрлі іспен шұғылданады. Осыған орай, әлемдік тәжірибеде тиімді әрі заманауи шешім ретінде дәлелденген трамвай жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Қазір бұл жобаға қатысты негіздемелік құжаттар әзірленіп жатыр. Қаржыландыру көздері мен келісімдер түпкілікті айқындалғаннан кейін, алдағы 5 жыл ішінде жоба жүзеге асуы мүмкін", - деді "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов.

Пікірлер