Алматыдағы кремация қызметі. Мәйіт өртеудің бағасы қанша?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bAdKPJxL83ySIcWJZO91xONa7mdSVHdJjtvt9gvf.jpg

Алматыдағы кремация қызметінің бастапқы бағасы 200 000 теңгеден басталады. Алматыдағы қызмет көрсетуші ұйымдардың мәліметінше, 200 мың теңгеден басталатын баға тек кремация рәсімін жүргізуді ғана қамтиды. Яғни бұл сомаға тасымалдау немесе дайындық жұмыстары кірмейді, деп хабарлайды "Адырна".

Кремация қызметінің толық құны бірнеше жағдайға байланысты қалыптасады. Негізгі факторлар мыналар:

  • Ең жақын крематорийге дейінгі қашықтық. Егер крематорий қала сыртында немесе басқа өңірде орналасса, тасымалдау шығындары артады.

  • Тасымалдау қызметі. Марқұмды арнайы көлікпен жеткізу де жалпы бағаға қосылады.

  • Тасымалдауға дайындық шығындары. Бұған денені рәсімге дайындау, оның ішінде бальзамдау қызметі кіреді.

  • Қосымша құрал-жабдықтар. Кремация процесі мен тасымалдау үшін арнайы жабдықтар мен рәсімдік атрибуттар қажет болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, кремацияны таңдаудың бірнеше себебі бар. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімділігі жиі айтылады. Дәстүрлі жерлеумен салыстырғанда, кремация кезінде:

  • жер телімін сатып алудың қажеті жоқ;

  • ескерткіш немесе құлпытас орнату шығындары болмайды;

  • зиратты тұрақты күтудің қажеттілігі азаяды.

Сонымен қатар, кейбір адамдар бұл тәсілді практикалық әрі қарапайым рәсім ретінде қабылдайды.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2026жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің типтік жерлеу ережелері мен қабірді күту ісін ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрығы тіркелгенін хабарлаған..

"Жаңа ережелер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз жасайды және Қазақстанда кремацияны алғаш рет заң деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді", – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий барлық санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып жұмысын бастайды.

 

Пікірлер