Алматы әуежайында тағы бір адам өзіне қастандық жасады

1759
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w5NSwFKOjnQPd0pZKrtUl2263x0HXKyoV1EPhFdM.jpg

Алматы әуежайында жолаушы тамағын бөтелкенің сынығымен кесіп, жаралады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға ішкі рейстер терминалындағы әжетханада болған. Әлеуметтік желілерде қанға боялған бөлме мен сынған бөтелкенің суреттері тарады.

Полицияның мәліметінше, ер адам Алматыдан Астанаға ұшуы тиіс болған. Ол тіркеуден өтіп, ұшаққа отырғызу алдында төрт сағат бойы күту залында, соның ішінде кафеде отырған. Кейін әжетханаға кіріп, өзіне дене жарақатын салған.

Әуежайдың медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, кейін жолаушыны қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бір апта бұрын да болған. 25 тамызда Алматы әуежайының «Т-1» терминалында тағы бір ер адам өзін өртемек болған. Ол кезде полиция қызметкерлері мен әуежай қауіпсіздік қызметі өртті дер кезінде сөндіріп, жолаушыға жедел көмек көрсеткен.

Пікірлер