Франция Сирияның экс-президенті Башар Асад пен алты бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікті халықаралық тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мұндай шешімге 2012 жылы Хомс қаласын әуеден бомбалау салдарынан екі шетелдік журналистің қаза табуы себеп болған. Құрбандардың бірі — америкалық репортёр, The Sunday Times басылымында жұмыс істеген 56 жастағы Мари Колвин, екіншісі — 28 жастағы француз фотографы Реми Ошлик.
Франция билігі бұл оқиғаны адамзатқа қарсы қылмыс және соғыс қылмысы ретінде тергеп жатыр.
Ордер тек Башар Асадқа ғана емес, оның ағасы — Сирияның 4-ші бронетранспортер дивизиясының бұрынғы басшысы Махир Асадқа, барлау қызметінің экс-басшысы Али Мамлюкке және армия штабының бұрынғы басшысы Али Аюбке де қатысты.
Айып тағылған сириялық экс-шенеуніктер Хомстағы бейбіт тұрғын үйлерін қасақана нысанаға алғандарын жоққа шығарып отыр.
Еске сала кетейік, Башар Асад 2024 жылдың желтоқсанында биліктен шеттетіліп, кейін отбасымен бірге Ресейден саяси пана іздеген болатын.