Ресей азаматтары АҚШ визасына Астанада өтініш бере алады

1244
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/02/astana-alash.jpg

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей азаматтары үшін иммиграциялық емес визаларға өтініш қабылдайтын орын ретінде Астананы белгіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік департамент иммиграциялық емес виза (NIV) алуға өтініш беріп, сұхбатқа жазылушы барлық азаматтарға арналған нұсқаулықты жаңартты:

АҚШ-тың иммиграциялық емес визасын алу үшін өтініш берушілер өз еліндегі немесе тұрғылықты жеріндегі АҚШ елшілігіне не консулдығына сұхбатқа жазылуы керек;

АҚШ Үкіметі иммиграциялық емес визаларды стандартты рәсімдеу жүргізбейтін елдердің азаматтары, егер басқа елде тұрмайтын болса, тиісті елшіліктерге немесе консулдықтарға өтініш беруі қажет.

Иммиграциялық емес визаға өтініш берудің тағайындалған орындарын төмендегі тізімнен қараңыз. Тағайындалған орындар: азаматтығы – Ресей; қабылдау орындары – Астана, Варшава», – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

Берілген ақпаратқа сәйкес, Ресей азаматтарынан өтініш қабылдау орны ретінде Астананы белгілеу туралы шешім 6 қыркүйекте қабылданған.

Пікірлер