Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, мадридтік «Реалдың» негізгі ойыншыларының бірі Антонио Рюдигер жарақатына байланысты «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Клуб дәрігерлерінің мәліметінше, қорғаушының сол жақ жамбасындағы бұлшық еті жарақаттанған. Футболшының толық қалпына келуі шамамен үш айға созылмақ.
Бұл жаңалық «корольдік клуб» үшін үлкен соққы болды. Себебі, Рюдигер командадағы негізгі қорғаушылардың бірі саналады.
Антонио Рюдигер «Реалға» 2022 жылы қосылған. Осы уақыт аралығында ол командамен бірге екі мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар