78 мың теңге. "Өлім тілеген" Андрей Чеботарев айыппұл арқалады

1731
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AFUqfyzZNsEkS2LvB6D6X2l1lfpVxq4DzxIqNByr.jpg

Блогер Андрей Чеботарев Астана тұрғындарына боқтық сөздер айтып, оларға өлім тілегені үшін 20 АЕК (78 640 мың теңге) айыппұлмен жазаланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері 52 жастағы блогердің Астана қаласының тұрғындарына қатысты, соның ішінде өлім тілеуді қамтитын, қорлайтын сөздер айтылған жарияланымын анықтады. Оның айтуынша, ол бұл арқылы жол ережесін бұзатын жүргізушілердің әрекетіне деген наразылығын білдірмек болған. Нәтижесінде жарияланым авторы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген Астана ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ полиция қоғамды, соның ішінде әлеуметтік желілерде, көпшілік алдында этика нормаларын сақтауға шақырды.

Пікірлер