Жогорку Кенеш спикері парламентті тарату бастамасын қолдады

1291
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pAjIgvfrAn4NYVdqsu4xCs7VIYdDlZqqwKkyGZ3F.jpg

Қырғызстанның Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу парламентті тарату жөнінде 32 депутат қол қойған ұсыныс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өзін-өзі тарату бастамасын ұсынған депутаттар тобы спикерге жолдаған хатында кезекті парламенттік сайлау 2026 жылдың қарашасында, ал президенттік сайлау 2027 жылдың қаңтарында өтетінін, Орталық сайлау комиссиясы осындай қысқа мерзімде екі саяси шараны қатар өткізе алмайтынын жазған.

Нұрланбек Тұрғынбек уулу бұл бастаманы қолдайтынын айтып, екі сайлаудың қатар өтуі елге саяси және экономикалық қиындықтар әкелетінін жеткізді.

«Конституцияға сәйкес, Жогорку Кенешті ешқандай сыртқы күш — президент те, атқарушы билік те тарата алмайды. Парламент тек өзін-өзі тарата алады. Арнайы бастамашыл топ құрылып, орынды себептерді негіз етіп, маған ұсыныс енгізді. Қажетті тапсырмалар берілді, жұмыс жүріп жатыр. Мен топтың дәлелдерімен толық таныстым. Олардың уәждерінде негіз бар», — деді ол.

Ережеге сәйкес, Жогорку Кенештің өзін-өзі тарату бастамасын депутаттардың кемінде үштен екісі, яғни 60-тан астам депутат қолдауы қажет. Өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданған жағдайда президент бес күннің ішінде кезектен тыс сайлау тағайындауы тиіс.

Пікірлер