«Қарқыны таңғалдырды». «Реал Мадрид» бас бапкері ойыннан кейін пікір білдірді

3444
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PBjp9sg81pSWOXgCLXax0hXfhz650fztFg2mtAEk.jpg

«Реал Мадрид» клубының бас бапкері Хаби Алонсо «Қайрат» командасымен болған ойыннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қайрат» – жақсы команда, олар Чемпиондар Лигасында ойнауға әбден лайық. Алматы клубының жанкүйерлері үшін бұл үлкен маңызға ие оқиға екенін түсінеміз. Бізді осы стадионда өте жақсы қарсы алды. Матч басында қарсылас тарапынан бір-екі қауіпті сәт болды. Гюлер де әріптестерімен жақсы түсіністі. «Қайраттың» қарқыны бізді таңғалдырды. Алматыдағы уақыт? Біз мұнда тек жұмыс бабымен келдік, бірақ егер уақытымыз көбірек болғанда, тауға міндетті түрде шығатын едік»,– деді ол.

Бас бапкер «Реал Мадрид» футболшыларының жақсы ойын өрнегін көрсеткендерін атап өтті. 

«Бізде нақты мақсат болды. Ол – матчты жеңіп, Чемпиондар Лигасындағы ойынымызды жеңіспен жалғастыру. Қалған ойындарды да жеңуге тырысамыз. Біздің мақсатымыз орындалды, барлық ойыншы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Вальверде ме? Ол әрқашан дайын. Егер ойын басқа арнаға бұрылғанда, біз оны алаңға шығар едік. Уақытты дұрыс бөлуіміз қажет. Кареррас пен Вальверде көптеген матчқа қатысты, сондықтан біз оларға демалыс бердік. Қазіргі уақытта Мбаппе әр ойында негізгі рөл атқарып жүр. Ол көптеген сәттерді нәтижелі аяқтайды. Біз үшін сол мүмкіндіктерді жасау маңызды»,–деп толықтырды Алонсо

Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Реал Мадрид» командасынан 0:5 есібімен ұтылды.

Пікірлер