Ақтаудағы әуе апаты. Путин ұшақты Ресейдің атқанын мойындады

1657
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poLX1Zwe4yzHI81A0Ae5aMW4LyOk7gVFxoxe32Qf.jpg

Душанбе қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Әзербайжан президенті Ильхам Алиевтің алғашқы ресми кездесуі өтті. Бұл екі ел басшыларының соңғы бір жыл ішіндегі алғашқы толыққанды келіссөзі болып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында Владимир Путин өткен жылдың желтоқсанында болған әуе апатына Ресейдің қатысы бар екенін мойындады.

Ресей президентінің айтуынша, әуе апаты кезінде екі зениттік зымыран әзербайжандық жолаушылар ұшағына бірнеше метр қалғанда жарылған. Бұл мәлімдеме Әзербайжан тарапының ұзақ уақыттан бергі талаптарының бірі болатын.

Путин Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келген. Оның аясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысу және бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Путин мен Алиев соңғы рет 2024 жылдың қазан айында жүздескен. Биыл қыркүйекте олар ШЫҰ саммиті аясында Қытайда қысқаша ғана сөйлескен, бірақ толыққанды келіссөз жүргізілмеген.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшыларының телефон арқылы байланысы да сирек болған. Соңғы рет 7 қазанда Алиев Путинді туған күнімен құттықтау үшін хабарласқан, ал оған дейін наурыз айында сөйлескен.

Еске салайық, AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде, Грозный қаласының үстінде сыртқы физикалық және техникалық әсердің салдарынан апатқа ұшыраған.

Пікірлер