Ауладағы атыс. Отбасы шырқын бұзды деген адам полицей оғынан қаза тапты

845
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында полицейден қашқан күдікті қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің бұрынғы күйеуі қару алып, кішкентай балаларының көзінше шу шығарғанын хабарлаған. Полиция оқиға орнына жеткенде ер адамды ұстауға тырысқан.

Дегенмен, күдікті үйден қашып, көршісінің ауласындағы сарайға тығылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оқиға орны қоршалған.

ПД дерегінше, ер адам полицияға оқ атқан. Полицейлер де ескерту ретінде ауаға оқ атқанымен, күдікті берілмеген. Алайда оқиға барысында  ер адамға қызметтік қарудан атылған оқ тиіп, оның сол жерде қаза тапқаны айтылады.

Тексеру кезінде тіркелмеген қару, патрондар мен гильзалар табылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Пікірлер