Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі боксшы Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
“Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды”, – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болатынын хабарладық.
Ұқсас жаңалықтар
"Көптеген қызмет әлі де қолжетімді емес". Президент бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан МӘМС жүйесін сынады