19 жастағы өзбекстандық шахматшы әлем кубогында тарихи рекорд орнатты

619
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VlBXm6rgTvZp5DlLTOu5fyJfzAxm7NBHPgiPNy6F.webp

Үндістанда өткен 2025 жылғы Әлем кубогының финалында өзбекстандық жас гроссмейстер Жавохир Синдаров турнир тарихындағы ең жас чемпион атанды. Ол финалда Қытай шахматшысы Вэй Иді жеңді, деп хабарлайды "Адырна".

Финалдың алғашқы классикалық партиясы тең нәтижемен аяқталған. Алайда шешуші екінші партияда Синдаров қара тастармен ойнап, қарсыласын сенімді түрде ұтты. Екі финалист те 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алып отыр.

Синдаровтың жеңісі турнир тарихында рекорд жаңартты. Бұған дейінгі ең жас чемпион 23 жаста жеңіске жеткен Левон Аронян болған. Жаңа чемпион 120 мың доллар көлеміндегі жүлде иеленеді.

Турнирдің үшінші орны үшін матчта ресейлік Андрей Есипенко өзбекстандық Нодирбек Якуббоевті жеңіп, үміткерлер турниріне үшінші жолдаманы алған еді.

Жавохир Синдаров бұған дейін де өзін әлемдік деңгейде танытқан спортшы. 2022 жылы Өзбекстан құрамасы сапында Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында топ жарған.

Айта кетейік, 2025 жылғы Әлем кубогы - ФИДЕ ұйымдастыратын екі жылда бір өтетін ірі шахмат турнирі. Биылғы жарыстың жүлде қоры 2 миллион долларды құрап, 2026 жылғы үміткерлер турниріне үш жолдама үлестірілді.

Пікірлер